Ведомство ел азаматтарына ескерту жасады.
Қазақстан ІІМ қоғамдық орындарда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынғанын еске салады.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-3-бабына сәйкес бірінші бұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайтадан бұзылған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», — деп еске салды ведомствода.
Аталмыш құқық бұзушылық үшін 1613 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Норма қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған, деп атап өтті ІІМ.
Бұл ретте шектеу ауа райы жағдайларына және медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларға қолданылмайды. Тыйым қызметтік міндеттерін атқару және спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.


