Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экотуризмді ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындады.
Осыған орай Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен көшпелі кеңес өтті.
Жиында Біркөлік шатқалындағы демалыс аймағы, Қасқасу шатқалындағы туристік-рекреациялық кешен, Төлеби мен Түлкібас аудандарындағы туристік нысандар және KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластері жобалары таныстырылды.
Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге ұлттық парк аумағын әуеден бақылап, табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары талқыланды.

