Сауда орындарында мобильді аударыммен төлем қабылдайтындар қатаң жазаланады.
Сауда және интеграция министрлігі елдегі базарлар мен сауда орындарында заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алып, бұзушылықтарға қатысты қатаң жаза қолданады.
Сауда және интеграция министрлігі базарлардағы санитарлық, ветеринарлық және салықтық талаптардың сақталуын күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы министр Арман Шаққалиев мәжіліс кулуарында журналистерге айтты.
Министрдің сөзінше, ел бойынша 63 ірі сауда орнында түрлі заң бұзушылық анықталған. Олардың қатарында санитарлық және ветеринарлық талаптардың сақталмауы бар, сондай-ақ мобильді аударымдар арқылы төлем қабылдаған.
— Біз 63 ірі сауда орталығында заң бұзушылықтарды анықтадық. Оның ішінде ветеринарлық және санитарлық талаптар бойынша да кемшіліктер тіркелді. Бұл мәселелер жинақталып, қазір қолмен бақылау режимінде қарастырылып жатыр. Анықталған жағдайлар бойынша ескертулер мен нұсқамалар берілді. Алдағы уақытта бұл ескертулерге сәйкес қатаң шаралар қолданылады, – деді министр.
Ведомство ең көп заң бұзушылық ірі қалалар мен оңтүстік өңірлерде тіркелетінін айтады. Оның ішінде Алматы, Алматы облысы және Шымкент аймақтары бар.


