Астанада өрт сөндірілді.
Сарыарқа ауданында Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан жиһаз цехының аумағында қойма ретінде пайдаланылған бөлек тұрған уақытша құрылыстан өрт шықты.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 30 шаршы метр аумақта жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өндірістік және қойма нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.


