Бүгін – әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие күн. Осыдан 34 жыл бұрын, 1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның басты мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілді.
Бұл тарихи шешім жас мемлекеттің әлем алдындағы айқын келбетін қалыптастырып, егемен елдің рухани тұғырын нығайтты.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, арман-мұратын және тәуелсіздікке деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті құндылықтар.
