Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Түсірілім тобы Түркістан облысы Полиция департаменті батальоны қызметкерлерімен бірге республикалық маңызы бар автожолда патрульдік қызметке шықты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта жүргізушілердің жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану немесе құқық бұзушылықтарды тіркетпеу, айыппұлдар мен ақылы жол ақысын төлемеу мақсатында көліктеріндегі мемлекеттік нөмірлерді алып тастап жүру деректері жиілеген.

Патрульдеу барысында түсірілім тобы осындай құқық бұзушылықтың біріне куә болды. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қозғалып келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Көлік мән-жайды анықтау үшін арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік нөмірсіз көлік басқару заңнаманы өрескел бұзу болып саналатынын және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Share.
Exit mobile version