БЖЗҚ жариялаған 2026 жылға арналған зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі қоғамда қызу талқылануда. Әсіресе жастарға қойылған талаптар әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Мәселен, 22 жастағы азаматтың зейнетақы қорында кемінде 7 миллион 250 мың теңге жинағы болуы тиіс деген көрсеткіш көпшілікті таңғалдырды.
Қарапайым халық бұл соманы қазіргі экономикалық жағдайда жинау оңай емес екенін айтады. Инфляция мен күнделікті тауарлар бағасының өсуі тұрғындардың қаржылық мүмкіндігіне әсер етіп отыр. Сондықтан көпшілікті бұл межеге жету үшін қандай жалақы қажет және қажетті қаражатты қанша уақытта жинауға болатыны қызықтырады.
