Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Түркістан қаласында туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Smart Shuttle Bus Turkistan қалалық экскурсиялық маршруты іске қосылды.

Маршрут әуежайдан басталып, теміржол вокзалы, Жаңа мешіт, Ботаникалық бақ, Мұз сарайы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен-сарай туристік кешені, Қолөнершілер орталығы, Этноауыл, Ескек есу арнасы, Гауһар ана кесенесі және Орталық базар бағыттарын қамтиды.
Экскурсиялық автобустар Wi-Fi желісімен, кондиционермен және USB қуаттау құрылғыларымен жабдықталған. Қозғалыс аралығы 15–20 минутты құрайды. Автобус күн сайын Визит центр автотұрағы мен Керуен сарай алдынан сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, «Red Bus» экскурсиялық автобусының сыйымдылығы 65 орынға арналған. Билет құны балалар үшін – 2 000 теңге, ересектер үшін – 3 000 теңге. Баға құрамына трансфер, гид және координатор қызметтері кіреді.
Share.
Exit mobile version