Түркістан облысында 7 адамның өмірін жалмаған жол көлік оқиғасы орын алды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сол жерде жеті адам қаза тапты.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады», — деді баспасөз қызметі.


