Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Шымкенттік Валат Мұсаев нысана көздеуден  әлем чемпионы атанды. 

20-26 шілде аралығында Эстонияның Таллин қаласында нысана көздеуден (қозғалмалы нысана) ISSF әлем чемпионаты өтуде. Әлем біріншілігіне 17 мемлекеттен 85 спортшы қатысып, үздіктерді анықтайды.
Қазақстан құрамасының мүшесі, шымкенттік Валат Мұсаев жасөспірімдер арасында 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысана (аралас) атуда тамаша нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл – қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың, жоғары кәсіби шеберлік пен жеңіске деген жігердің нәтижесі. Әлем чемпионы Валат Мұсаевты жеке бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Юнусметова жаттықтырады.
Share.
Exit mobile version