Шымкент қаласында заңсыз кальян өнімдерін сатқан 9 мекемеге айыппұл салынды.
Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда кальян өнімдерін сату — заң талаптарын бұзып қана қоймай, азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Қалада кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруін анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Жауапты органдар кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейтіп, заң талаптарының қатаң сақталуын бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.
