Шымкент қаласындағы тарихи-мәдени кешен – Цитадель аумағында «ЭтноFest» фестивалі мен этноауылдың салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның лентасын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қиды.
Мерекелік шараға Әзербайжаннан келген туристік компания өкілдері де қатысып, екі ел арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға үлес қосты.
Фестиваль аясында ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ қонақтар этномәдени бағдарламаларды тамашалап, қазақ халқының бай мұрасы мен дәстүрлерімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
