Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

 Шымкентте КСРО спорт шебері, боксшы Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған бокс турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, алғашқы жекпе-жектер басталды.

Турнир Қазақстан Республикасы Кубогының бағдарламасына енгізілген. Жарысқа 2011 жылы туған 350-ден астам спортшы қатысуда.
«Шымкент» кәсіби бокс клубында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Кубогы өтуде. Нұржан Қосмамбетов – өңірлік, республикалық, одақтық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Бұл жарыс жас спортшыларды даярлауға арналған маңызды алаң болып табылады.
Турнирге еліміздің барлық 20 өңірінен келген боксшылар қатысуда. Қазақстан Кубогы жас спортшыларға өз шеберліктерін шыңдауға және жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді. Осындай турнирлерде тәжірибе жинаған жас былғары қолғап шеберлерінің арасынан болашақ чемпиондар өсіп шығып, түрлі деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайтын болады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
– Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан келген 20 команда қатысып жатыр. Барлығы 2011 жылы туған 350 спортшы бақ сынауда. Бұл жарыстың ерекшелігі – қазіргі уақытта айқын фавориттердің болмауы. Жарыс жеңімпаздары жыл соңында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Турнир спортшылардың дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды алаң саналады. Жарыстан кейін оқу-жаттығу жиындары өтеді. Сол жиындар спортшылардың бір реттік жарысқа ғана емес, ұзақ мерзімді дайындық процесіне қаншалықты дайын екенін көрсетеді, – деді Қазақстан бокс федерациясының төрешілер алқасының төрағасы, жарыстың бас төрешісі Дінмұхамед Абайхан.
Share.
Exit mobile version