Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау, партияның Шымкент қалалық филиалының басшы органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Ашық дауыс беру нәтижесінде «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы болып бірауыздан Мұрат Жолдыхожаев сайланды.
Сонымен қатар, партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген түрлі салалардың өкілдері енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да салалардың өкілдері бар.
Ал Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, құқық және өзге де бағыттарда мол тәжірибесі бар білікті мамандар сайланды.
Share.
Exit mobile version