Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

7 медаль. Бұл Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілерінің спартакиадада алған еншілеген олжасы. 

Ақмола облысы Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткен республикалық спартакиадада Түркістан облысының құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Дүбірлі додада өңір намысын қорғаған мемлекеттік қызметшілер 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 7 медаль еншіледі. Нәтижесінде Түркістан облысының командасы жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша волейбол командасы қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді. Жүзуден жекелей сында Райхан Төлемұратова күміс жүлдегер атанды. Шахматтан Замира Панзабекова қола медаль жеңіп алды.
Тоғызқұмалақтан Ермек Ағабек чемпион атанып, жеке есепте І орын иеленсе, Түркістан облысының командасы осы спорт түрінен жалпыкомандалық ІІІ орынға қол жеткізді.
Қазақ күресінен Шоқан Бейсенбиев қола жүлдеге ие болды. Ал теннистен Бағдат Рахышбаев пен Серік Оразалин жұбы жұптық сайыста ІІІ орынды иеленді.
Share.
Exit mobile version