Семейде көпір үстінде фотосессия ұйымдастырған әйел жауапқа тартылды.
Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызған бейнежазбаны тексеру барысында заңбұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Кадрларда әйелдің көлік қозғалысына қарамастан, қараңғы уақытта жолдың ортасына жатып, камераға суретке түсіп жатқаны таспаланған. Тәртіп сақшылары оған қатысты жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
