Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Ингушетияда досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секіріп кеткен 8 жастағы Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары аяқталды. Баланың денесі шамамен бір аптадан кейін табылды.

Республикалық үкіметтің мәліметінше, Хизирдің денесі 22 маусым күні жергілікті уақытпен 16:50-де табылған. Осыдан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарының ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 15 маусым күні орын алды. БАҚ мәліметінше, Хизир Сунжа өзенінің жағасында екі досымен бірге болған. Адам есімді бала суға құлап кетіп, ағаш бұтағына немесе тамырға жармасып үлгерген. Хизир оған көмектесу үшін суға секірген, алайда қатты ағысқа төтеп бере алмай, сумен  алып кеткен. Үшінші бала ересектерді көмекке шақыру үшін жүгіріп кеткен, соның нәтижесінде Адамды құтқарып қалу мүмкін болды.

Бұл оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Желі қолданушыларды Хизирді «кішкентай батыр» деп атай бастады: адамдар оның ересек адам сияқты әрекет етіп, қорықпай досын құтқаруға тырысқанын жарыса жазды.

Хизирді іздеу жұмыстарына мыңдаған адам: құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Шешенстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Қабарды-Балқар және Қарашай-Шеркес Республикаларынан келген еріктілер қатысқан.

Share.
Exit mobile version