«Екі қолға бір күрек». 2026 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 200,4 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Олардың 75 мыңы – жас болса, 81 мыңы – әйел. Мемлекеттік қолдау шаралары еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, азаматтардың тұрақты табыс табуына және еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруға ықпал етуде. Сонымен қатар елімізде жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүруде. 2026 жылы ұлттық жобалар, тұжырымдамалар және өңірлерді дамыту жоспарлары аясында 40,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы дерек бойынша оның 8 мыңға жуығы іске асырылып үлгерді.


