Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Астанада өткен «Әділет» партиясының съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Олардың арасында бұрынғы «Аманат» мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, тіл мамандары мен заңгерлер бар.

Съезде партияның сегіз негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы да қабылданды. Бағдат Мусин —  цифрландыру, Ренат Бектұров — әділетті экономикалық модель, Замира Кузиева — аймақтарды дамыту, Динара Зәкиева — әлеуметтік саясат, Лаура Қарабасова — адами капитал, Қарлығаш Жаманқұлова — мәдениет, Ирина Тен — экология бағыттарын таныстырды.

Айта кетейік,  Құрылтай сайлауына Respublika — 76, ҚХП — 72,  «Ауыл» — 69, «Ақ жол» — 63, «Байтақ» партиясы — 51, ЖСДП — 33  кандидат ұсынды.

Партиялық тізімдер 13 шілдеге дейін қабылданады. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.

Share.
Exit mobile version