Былтыр қаржылық рәсімдердің ашықтығын арттыру, бақылауды күшейту және бюджет қаражатын әкімшілендіруге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ Қаржы министрлігіне берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков хабарлады. Оның айтуынша, қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кемшіліктерді түзету және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін қаражатты бөлу тетігін толықтай жаңартты.
«Bilimge» бірыңғай қаржыландыру порталы негізінде пилоттық жобаны жүргізудің арнайы тетігі іске қосылды. Порталдың негізгі мақсаты – барлық әкімшілік процестерді цифрлық ортаға көшіру, автоматты бақылауды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына кепілдік беру», — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
