Республикалық бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында хабарланды.
Мәліметке сәйкес, мешіт бұдан әрі де халықтың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және ізгі бастамаларды дамытуға өз үлесін қоса береді.
