Астаналықтар жүгіруден жарысты.
Жарысқа 2 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шара Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Жүгіру жарысын ІІМ-нің ARLAN спорт клубы мен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп өткізді. Қатысушылар қатарында полиция қызметкерлері, қала тұрғындары, әуесқой жүгірушілер мен салауатты өмір салтын ұстанушылар болды. Шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, қоғамдық бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
