Іс-шараға Шымкент қаласы мен Абай, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының жастар саясаты саласының 40 маманы қатысты.
Үш күнге созылған семинар барысында қатысушылар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың заманауи тәсілдерімен танысып, жастарды қолдау тетіктері жөнінде тәжірибе алмасты. Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының жұмысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қарастырылды.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық және 181-і аудандық деңгейде қызмет көрсетеді. Орталықтар жастарға ақпараттық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағытта қолдау көрсетіп келеді.
Пятница, 12 июня
“
Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.
”