Қоғамда жол қауіпсіздігі мәселесі әрдайым өзекті. Соның ішінде көлік құралын мас күйде басқару – адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекеттердің бірі. Кейбір жүргізушілер «аздап қана ішіп едім», «өзімді жақсы сезініп тұрмын» деген сылтаумен рөлге отыруды қалыпты жағдайдай қабылдайды. Алайда мұндай көзқарас орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Ішімдіктің аз мөлшерінің өзі адамның зейінін төмендетіп, реакциясын баяулатады. Жүргізуші жолдағы жағдайды толық әрі дұрыс бағалай алмайды. Бұл, әсіресе, қозғалыс қарқыны жоғары жолдарда аса қауіпті. Сондықтан рөлге от ырған адам үшін «аздап ішуге болады» деген түсінік болмауы тиіс. Әрбір азамат өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы қажет. Егер ішімдік ішкен болсаңыз, көлік жүргізуден бас тартыңыз. Қоғамдық көлікті пайдалану, такси шақыру немесе көлікті сергек адамға сеніп тапсыру – қауіпсіз әрі дұрыс шешім. Жолдағы тәртіп пен жауапкершілік – адам өмірінің кепілі. Бір сәттік қателік орны толмас өкінішке ұрындырмауы үшін әркім саналы таңдау жасауы тиіс.
Пятница, 10 июля
“
Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.
”

