Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Созақ ауданындағы Орталық саябақта балалар мен ата-аналарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1300-ге жуық бала мен олардың ата-аналары қатысты. Жазғы демалыстың жарқын сәтіне айналған мерекеде бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Іс-шара барысында өрт сөндіру көліктері мен арнайы су шашатын техникалардың көмегімен балаларға су шашылып, сергіту сәті өтті. Сондай-ақ кішкентай қонақтарға 1300-ге жуық балмұздақ таратылды. Ал ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі аниматорлар балалармен түрлі ойындар ойнап, мерекелік кеш жалғасын тапты.
«Балалар үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Әсіресе жаздың аптап ыстығында олардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау – үлкен игі іс. Балалардың шат күлкісін көруден артық бақыт жоқ», – дейді шараға қатысқан тұрғындар.
Share.
Exit mobile version