AdiletTV Байқау — «Рухани Қазына»

Байқау — «Рухани Қазына»

AdiletTV
Байқау — «Рухани Қазына»

Байқау — «Рухани Қазына»

«AdiletTV» Ақпараттық агенттігі және ішкі істер басқармасы, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Тұңғыш президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 — жылды «Жастар жылы» деп жариялауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында:

  1. «Тәрбие және білім» – қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
  2. «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту.
  3. «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу.
  4. «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфрақұрылымдар құру.

Осы бағыттар бойынша: бейнебаян, арнайы тәрбиелік мәні бар сюжетті көріністер, тақырыптық талқылау, еліміздің болашағы жастарға бағыт-бағдар нұсқау, адамға ой салатын, ғибрат беретін дүниелік іс-шаралық жұмыстарды ұйымдастырып мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосу мақсатымен кастинг ұйымдастырылып отыр.

 

Байқауға қатысу ережелері мен талабы

«Рухани Қазына» тақырыбында  Белгілі бір елді-мекеннің — өзіне тән әсем табиғаты мен ауыл-аймақ таулы бөктер  тыныс тіршілігін сипаттап, ғажайып көріністерін, сонымен қатар көрікті ғимараттар мен сәулет өнері (туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу) бойынша видео этюд дайындау.

Видеороликтің көлемі 7-15 минут аралықта болуы тиіс. Бір немесе бірнеше бейнероликті ұсынуға болады (Жеңімпазды анықтау барысында ескерілетін болады).

Өңделген түрде Видео HD немесе FullHD форматында ұсынылуы шарт.