AdiletTV Байқау – Рухани қазына

Байқау – Рухани қазына

AdiletTV
Байқау – Рухани қазына

Байқау – Рухани қазына

«AdiletTV» Ақпараттық агенттігі және ішкі істер басқармасы, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Тұңғыш президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 – жылды «Жастар жылы» деп жариялауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында:

Осы бағыттар бойынша: бейнебаян, арнайы тәрбиелік мәні бар сюжетті көріністер, тақырыптық талқылау, еліміздің болашағы жастарға бағыт-бағдар нұсқау, адамға ой салатын, ғибрат беретін дүниелік іс-шаралық жұмыстарды ұйымдастырып мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосу мақсатымен байқау ұйымдастырылып отыр.

Байқауға қатысу ережелері мен талабы

“Рухани Қазына” тақырыбында – белгілі бір елді-мекеннің өзіне тән әсем табиғаты мен ауыл-аймақтың рухани қазыналы тыныс-тіршілігін, ғажайып көріністерін, сонымен қатар көрікті ғимараттар мен сәулет өнерін (туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін) сипаттап, видео этюд дайындау.

Видеороликтің көлемі 7-15 минут аралықта болуы тиіс. Бір немесе бірнеше бейнероликті ұсынуға болады (жеңімпазды анықтау барысында ескерілетін болады).

Өңделген түрде видео HD немесе FullHD форматында ұсынылуы шарт.

Бейнесюжет 30-шы сәуірге дейін қабылданады.

Жеңімпаздарға арнайы сыйақы тағайындалып, алғыс хаттармен марапатталады.

Толығырақ: E-mail: zhangury@mail.ru