НОВОСТИ

ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Мәди Бегалиев – медицина ғылымының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург, трансплантолог. Саналы ғұмырының 40 жылын денсаулық сақтау саласына арнаған ол осы уақыт аралығында 9 мыңға жуық күрделі операция жасаған білгір маман еді.

Ол өз ісін бес саусағындай білетін маман ғана емес, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында білікті басшылардың бірі ретінде мойындалған. Мәди Бегалиев №1 қалалық клиникалық ауруханаға (бұрынғы Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы) басшылық еткен. Аурухана қала және облыс халқына тәулік бойы хирургия, жарақат, урология, нейрохирургия, гинекология, неврология және терапия салалары бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған шұғыл/жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. 2010 жылы аурухана оташылары шымкенттік кардиохирургтермен бірлесіп, бір мезгілде бір науқастың жүрегіне, бауырына және өтіне операция жасаған. Мұндай ота елімізде бұрын-соңды жасалмаған еді. 

2013 жылы ангиография аппараты іске қосылғалы бері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялы операциялар, бас миына нейронавигатордың көмегімен ота жасалды. 2015 жылдан бері жамбас және тізе буындарына Stryker фирмасының заманауи протездері салынып, омыртқаға транспедикулярлық бекіту отасы жасалып келді. Көрсетілетін көмек көлемінің ұлғаюына байланысты 2017 жылы аурухана аймағында 3 қабатты қабылдау-диагностика, реанимация-ота жасау корпусы салынды. 2013 жыл басынан бері мұнда 125 бүйрек және 17 бауыр алмастыру операциясы жасалды. Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында 2018 жылы Облыста тұңғыш рет Германия мемлекетінің азаматына аурухананың трансплантолог дәрігерлері донорлық бүйрек алмастыру операциясын жасады. Аурухана базасында 16 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру оталары сәтті өткізілді. Бұның барлығы алтын қолды хирург Мәди Бегалиевтің тікелей араласуымен болған ел медицинасының жетістіктері еді.

Мәди Биғалиевтің мезгілсіз өмірден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газеті және

«Adilet.tv» ақпараттық агенттігінің ұжымы.

Related posts

ШЫМКЕНТТЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

roy_enerji_w3b9xu23

После снегопадов в Казахстане наступят сильные морозы

roy_enerji_w3b9xu23

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

roy_enerji_w3b9xu23

Leave a Comment