НОВОСТИ

МИНИСТР АБАЕВ ӘБІЛҚАСЫМОВАНЫҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада бес бала көз жұмған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған Nur.kz хабарлайды.

«Өте қайғылы жағдай орын алды. Қазір бұл отбасының жағдайы қандай екенін, тіпті, елестету мүмкін емес. Барлық ел марқұмдардың ата-анасымен бірге қайғырып отыр», -деді ол.

Оған қоса, Абаев әлеуметтік желіде тараған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуі туралы талаптың әділетсіз екенін айтты.

«Мен бес баланың өліміне тек Әбілқасымованы кінәлау дұрыс емес деп ойлаймын. Иә, жауапкершіліктен ешкім қашпауы керек. Ақырында, елімізде болып жатқан жағдайларға біз — барлық мемлекеттік аппарат жауап береміз. Бірақ, бұл қайғылы оқиға көптеген факторлардан құралғанын, тек қана Еңбек министрлігіне ғана қатысты емес екенін түсінуіміз керек», -деді министр.

Одан бөлек, Абаев Әбілқасымованы нағыз маман екенін білетінін, алдағы уақытта бос сөздер тоқтатылып, тек қана конструктивті сын ғана қалады деп үміттенетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орын алған.

Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

5 қаңтарда марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы да қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтқан болатын.

Nur.kz

Related posts

Депутаты возмущены заявлением главы ЕНПФ

roy_enerji_w3b9xu23

Прокуратура города Шымкент выявила завышение тарифов на электроэнергию

roy_enerji_w3b9xu23

Доллар продают в обменниках по 383 тенге

roy_enerji_w3b9xu23

Leave a Comment