НОВОСТИ

«БҰЛ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАҢАЛЫҚ» — Қазақ ғалымдары қатты металды ыдыратудың жаңа әдісін ойлап тапты

Қазақ ғылымындағы сенсация. Ұлттық ғылым академиясының бір топ ғалымдары ең қатты металдардың бірі саналатын титанды ыдыратудың әдісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Ғалымдар жер шарына беймәлім болып келген жаратылыстану саласының бұл құпиясын ашу үшін ондаған жылдар бойы үздіксіз зерттеу жасаған. Енді жер бетінде қоқыс ретінде сақталып келген миллиардтаған тонна титанның қалдықтарын ерітіп жіберуге мүмкіндік бар. Жаратылыстану ғылымында «Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы» деп аталатын жұмысты сәтті іске асырған ғалымдар бүгін арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Ұзақ жылдарды қажет еткен ұжымдық жұмыстың негізгі авторы академик Әбдуәлі Баешов болса, қосымшы авторлары — профессор Ажар Баешова және доцент Ғани Ізтілеуов. Ал ғылыми жетекшісі — академик Мұрат Жұрынов.  

«Бізде элементтер көп қой. Соның ішінде ең мықтысы, ең қаттысы — титан, оны кесу де қиын. Біз соны ерітудің амалын таптық. Бұл — дүниежүзілік жаңалық. Жұмысты мен негізінде, академик Бугеновтың тапсырмасымен бастағанмын. 37 жыл осы жұмысты жалғастырып келемін. Яғни, мен 37 жыл бойы күн сайын 10 сағаттан жұмыс істедім десем, өтірік атпаймын», — деді ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы Әбдуәлі Баешов. 

Жалпы, өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың көлемі 30 миллиард тоннаға жақындап қалған. Ал әлемдегі тұрмыстық қалдықтардың көлемін болжау тіптен қиын. Оларды ыдырату арқылы табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін жаратылыстану саласындағы осындай жаңалықтардың маңызы ерекше дейді. Сондықтан бұл нәтижені әлем ғалымдары соңғы он жылдың көлеміндегі ең айтулы жаңалық деп бағалаған.

Kaz.tengrinews.kz

Related posts

Встреча с заместителем Премьер-Министра Аскаром Жумагалиевым

roy_enerji_w3b9xu23

ТҮРКІСТАНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

roy_enerji_w3b9xu23

Электронные визы для казахстанцев вводит Таиланд

roy_enerji_w3b9xu23

2 комментария

js66ds.com Суббота Февраль 9th, 2019 at 17:55

I always spent my half an hour to read this webpage’s articles or reviews every day along with a mug of coffee. http://js66ds.com/comment/html/?1956.html

Reply
mega 888 Вторник Февраль 12th, 2019 at 12:24

Greetings! I’ve been following your weblog for a while now
and finally got the bravery to go ahead and give you a shout out from
Atascocita Texas! Just wanted to say keep up
the great work! https://918.network/downloads/83-mega888

Reply

Leave a Comment